logo

«Тұран» клубынан бір топ легионер кетті

«Тұран» клубынан бір топ легионер кетті

Түркістандық «Тұран» клубы құрамынан алты легионердің кеткенін хабарлады, деп хабарлайды Sport+.

Команданы төрт белорус футболшысы — қақпашы Егор Хаткевич, қорғаушы Руслан Юденков, жартылай қорғаушылар Игорь Стасевич пен Василий Совпель, сондай-ақ екі черногориялық ойыншы — қорғаушы Йован Пайович пен жартылай қорғаушы Горан Милойко тастап кетті.

«Бұл ойыншыларға командаға қосқан үлестері үшін алғыс айтып, алдағы мансаптарына сәттілік тілейміз!» — делінген «Туран» клубының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазіргі таңда «Туран» Қазақстан Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 12-орында тұр. Команда 13 матч өткізіп, 11 ұпай жинаған.