logo

«Тұран» «Ақсудың» қорғаушысына көз тігіп отыр

«Тұран» «Ақсудың» қорғаушысына көз тігіп отыр

Түркістандық «Тұран» қорғаушы Улар Жақсыбаевқа қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет өзінің телеграмм арнасында хабарлаған.

Соңғы екі маусым Жақсыбаев «Ақсу» сапында өнер көрсетті. Ол өзінің мансабының көп бөлігін шымкенттік «Ордабасыда» өткізді.

Сонымен қатар, 29 жастағы қорғаушы «Қайсар» мен «Қыранның» намысын қорғады.