logo

Тректегі пара велоспорттан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына қатысып жатыр

Тректегі пара велоспорттан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатына қатысып жатыр

Тректегі пара велоспорттан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында өнер көрсетуде, деп хабарлайды Sport+

Біріншілік басталғалы ел спортшылары командалық тандем спринтінде  55.841 секунд уақытымен мәреге үшінші болып келген еді.  Малайзия командасы 53.059 уақытын көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанса, Тайланд командасы 54.992 с екунд нәтижесімен екінші орынды еншіледі.

Командалық спринтте Сейтжан Кенжеғұл мен Сұлтанмұрат Мералиев, Жұлдыз Қайнарова мен Полина Братчикова өнер көрсетті.

Айта кетсек, пара велоспорттан тректегі Азия чемпионаты Малайзия елінде  21-27 ақпан аралығында өтіп жатыр. Жарысқа 16 мемлекеттен 250-ден аса спортшы қатысуда. Қазақстан тарапынан 6 спортшы бақ сынап жатыр.



Күн шежіресі