«Трабзонспордың» Чемпиондар лигасына іліну мүмкіндігі бар: «Кайсериспор» – «Трабзонспор» матчының тікелей эфирі
«Фенербахченің» бірқатар сүрінулерінен кейін Фатих Текке жаттықтыратын «Трабзонспорда» келесі жылы Чемпиондар лигасына жолдама беретін Суперлигадағы 2-орын үшін күресуге мүмкіндік пайда болды. Қазіргі таңда «дауылдардың» (лақап аты) ыстамбұлдық клубтан артта қалуы небәрі 3 ұпай.
Мақсатқа жету жолында «Трабзонспорды» Ресей құрамасының шабуылшысы Федор Чалов өнер көрсететін «Кайсериспормен» сырт алаңдағы матч күтіп тұр. Кайсери клубы болса Суперлигада қалу үшін күрес жүргізіп жатыр.
Сонымен қатар команда соңғы үш матчта жеңіліс көрген жоқ — «Гезтепе» және «Генчербирлиги» клубтарымен тең ойнап, «Антальяспорды» жеңді.
«Кайсериспор» мен «Трабзонспор» арасындағы матч 9 наурыз күні сағат 22:00–де өтеді.
Ойынның тікелей трансляциясын Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.