«Трабзонспор» Чемпиондар лигасы үшін күресті жалғастыруда (видео)
«Трабзонспор» Түркия Суперлигасының 25-туры аясында «Кайсериспорды» 3:1 есебімен жеңді.
«Дауылдардың» құрамында Пол Онуачу дубль авторы атанды, ал тағы бір голды қарсылас қорғаушы өз қақпасына соғып алды.
Осы жеңістің арқасында Фатих Теккенің шәкірттері Чемпиондар лигасына жолдама үшін күресті жалғастыруда. Қазір олар «Фенербахчеден» 3 ұпайға қалып келеді.