logo

Төрехан Сабырхан Ділдәбековтің турнирінде топ жарды

Төрехан Сабырхан Ділдәбековтің турнирінде топ жарды

Бокстан Олимпиада және әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбековтің құрметіне жастар арасында дәстүрлі халықаралық бокс турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жарысқа Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстаннан боксшылар келіп қатысты. Ал, құрметті қонақ ретінде кубаның аңызы – Ділдәбековтің Сидней Олимпиадасындағы қарсыласы Алексис Рубалкаба шақырылды.

Жарыс жеңімпаздары арасында төрт дүркін Азия чемпионы Төрехан Сабырхан да бар. Ол 67 келіге дейін салмақта топ жарды. Финалдағы қарсыласы Диас Серікұлы рингке шыққан жоқ.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан – жастар және жасөспірімдер арасында 4 дүркін Азия чемпионы. Ол әлем чемпионы Махмұд Сабырханның туған інісі.

Төрехан биыл Париж Олимпиадасының іріктеуіне баруға үмітті болған. Алайда, жасының әлі 18-ге толмауына байланысты ол лицензиялық турнирден тыс қалды.