Төрехан Сабырхан бокстан алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатында жүлдеге қол жеткізді

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы сапында өнер көрсететін Төрехан Сабырхан Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының ширек финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Былғары қолғап шебері 70 келіге дейінгі салмақта кем дегенде қола медаль иегері атанды.
Отандасымыз ширек финалда франциялық Макан Траорені айқын басымдықпен жеңді.
Осылайша, Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алғаш рет ересектер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегері атанды.