Төрехан Асанхан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына күміс жүлде түсті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Төрехан Асанхан 70 келіге дейінгі салмақта жас жеткіншектер арасында екінші орын алды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 269 (119+150) келіні еңсерді.
Таиланд өкілі Витчая Пратхумта алтын жүлдеге ие болды — 273 (119+154) келі. Иран спортшысы Реза Замани үздік үштікті түйіндеді — 268 (122+146) келі.