«Тобылдың» жаңа ойыншысы Эль-Мессауди өзінің трансферін сатып алды
Мароккалық жартылай қорғаушы Ахмед Эль-Мессауди қостанайлық «Тобылға» ауысу үшін голландық «Эмменнен» өзінің трансферін сатып алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Эль-Мессауди өз қатарына қосқысы келетін команда голландияның Екінші лигасында өнер көрсететін «Эмменге» трансфер құнын төлеу қажет болды. Алайда, Эль-Мессауди бұл сомманы өз қалтасынан шығаруды жөн көрді. Бұл ақпаратпен 28-жасар ойыншының агенттерінің бірі бөлісті.
Эль-Мессауди қостанайлық «Тобылдың» құрамын қантар айында толықтырды. Ахмед Голландия чемпионатының аясында 100-ден астам ойын өткізіп, Марокко құрамасының сапында бір ойын ойнаған.