logo

«Тобыл» жаңа легионермен толықты

«Тобыл» жаңа легионермен толықты

Беларусь қорғаушысы Егор Хвалько «Тобыл» сапына қосылды, деп хабарлайды Sport+ Қостанай клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Егор Хвалько 1997 жылдың 18 ақпанында Брест облысында дүниеге келген. Ол кәсіби мансабын Гродно қаласының «Неман» клубында бастаған.

Осы уақытқа дейін «Лида», «Дняпро» және «Арсенал» секілді командалардың намысын қорғап, тәжірибе жинаған. 2022 жылы Әзірбайжанның «Кяпаз» клубына ауысып, үш маусым бойы ойнады және команда капитаны болды.

Сондай-ақ, Хвалько Беларусьтің жасөспірімдер және жастар құрамалары сапында халықаралық жарыстарға қатысқан.



Күн шежіресі