logo

«Тобыл» жаңа бас бапкеріді таныстырды

«Тобыл» жаңа бас бапкеріді таныстырды

Ресейлік маман Мирослав Ромащенко ресми түрде «Тобылдың» бас бапкері қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Sport+ қостанайлық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мирослав Юрьевичтің жоғары деңгейде мол тәжірибесі бар. Әр жылдары ол «Томь» мен «Ахмат» клубтарын жаттықтырды, сондай-ақ Станислав Черчесовтың бапкерлер штабы құрамында жұмыс істеп, Мәскеудің «Динамосында», Польшаның «Легиясында» және Венгрияның «Ференцварошында» еңбек етті. 2016–2021 жылдар аралығында Ресей құрамасының бапкерлер штабының мүшесі болып, бес жыл қызмет атқарды.

Бапкер ретінде Польша чемпионы атанып, Венгрия чемпионатын екі рет жеңіп алды.

«Тобылға» дейін Мирослав Юрьевич «Уралды» жаттықтырып, командамен бірге Бірінші лигада екінші орынға ие болды.



Күн шежіресі