«Тобыл» сырт алаңда «Қайратты» жеңді (видео)
«Тобыл» Қазақстан чемпионатының 26-туры аясында сырт алаңда елдің қазіргі чемпионы «Қайратты» 4:1 есебімен жеңді.
Қостанайлықтар сапында Урош Милованович дубль авторы атанса, Виталий Лисакович пен Луис Герра бір-бір голдан соқты.
Алаң иелерінің жалғыз голын Марк Гуаль соқты.