logo

«Тобыл» Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды

«Тобыл» Қазақстан Суперкубогын жеңіп алды

Суперкубок үшін кездесуде қостанайлық «Тобыл» «Астана-арена» стадионында «Қайрат» командасымен тең түсіп, матч тағдырын пенальти сериясында шешті.

Негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталды. Ойынның 6-минутында Герра есеп ашса, 20-минутта Александр Мрынский таразы басын теңестірді.

26-минутта Оксанен «Қайратты» алға шығарды. Алайда матчтың 89-минутында Асхат Тағыберген гол соғып, «Тобылға» үміт сыйлады.

Пенальти сериясында қостанайлықтар 5:4 есебімен басым түсіп, Қазақстан Суперкубогының жеңімпазы атанды.

Осылайша «Тобыл» жаңа маусымды маңызды трофеймен бастады.



Күн шежіресі