«Тобыл» «Партизанға» жол берді

«Тобыл» «Партизанға» жол берді

Қостанайлық «Тобыл» Сербияның «Партизан» клубына жалпы есепте 1:5 есебімен жол беріп, Конференциялар лигасындағы өнерін аяқтады.

Қонақ алаңындағы ойында 0:3 есебімен жеңілістен кейін қостанайлықтар өз алаңында матчтың алғашқы минуттарында есеп ашты. Гол авторы — Ислам Чесноков.

Алайда қонақтар матч соңына дейін тағы екі гол соғып үлгерді.

Осылайша, еурокубокта Қазақстанның жалғыз өкілі ретінде «Қайрат» қалды. Алматы клубы Еуропа лигасының плей-офф кезеңінде бельгиялық «Андерлехтпен» кездеседі.



Күн шежіресі