logo

Тимур Байтасов: Шпагашылар Азия чемпионатына қатысып, 2 жаттығу жиынын өткізеді. Содан соң, Олимпиада ойындары күтуде

Тимур Байтасов: Шпагашылар Азия чемпионатына қатысып, 2 жаттығу жиынын өткізеді. Содан соң, Олимпиада ойындары күтуде

Шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы Парижде өткен биылғы маусымдағы соңғы әлем кубогінің қола медалін жеңіп алды. Мемлекеттік жаттықтырушы Тимур Байтасов Olympic.kz сайтына берген сұхбатта спортшылардың бұл жетістігін жоғары бағалады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan. 

«Қазақстандық шпагашылар жаңа шеберлік деңгейіне жетті. Біздің командамыз Франция, Жапония, Италия және Венгриямен бірге әлемдегі ТОП-8 құрама қатарына сенімді түрде енеді. Үздік үштікке кіру біздің спортшылар үшін тұрақты көрсеткішке айналды.

Осы маусымда өткен 7 командалық турнирдің төртеуінде командамыз жүлдеге ілікті. Атап айтар болсақ, Стамбулдағы әлем кубогі кезеңінде алтын, Қытайдағы Азия чемпионатында күміс және Тбилиси мен Парижде өткен әлем кубогінде қола медаль иеленді.

2023 жылғы Азия ойындарының финалын да ұмытпау қажет. Сол сында қазақстандықтар бір ұпай айырмасымен ғана Жапонияға жол беріп, күміс медаль иеленген. Енді шпагашылар Азия чемпионатына қатысып, 2 жаттығу жиынын өткізеді. Содан соң, Олимпиада ойындары күтуде»,  - деп атап өтті ҚР Мемлекеттік жаттықтырушысы Тимур Байтасов.