Тимофей Скатов Шымкенттегі ATP Challenger 50 турнирін жеңіспен бастады
Шымкентте өтіп жатқан ATP Challenger 50 халықаралық турнирінде жарыстың бірінші ракеткасы әрі Қазақстанның үшінші нөмірлі теннисшісі Тимофей Скатов алғашқы айналымнан сүрінбей өтті. Бастапқы кездесуде отандасымыз украиналық Олег Приходькомен (№361 ATP) шеберлік байқасты.
Тартысты өткен матч 6:4, 6:4 есебімен Скатовтың пайдасына аяқталды. Жарыстың көшбасшысы ойын тізгінін өз қолында ұстап, екі партияда да қарсыласынан басым түсті. Айта кетейік, бұл қос теннисшінің корттағы екінші ресми кездесуі. Осыған дейін, өткен жылы Румыниядағы ATP турнирінде де Тимофей Украина өкілін айқын басымдықпен жеңген болатын.
Енді ширек финал жолдамасы сарапқа салынатын келесі кезеңде Тимофей Скатов Святослав Гулинмен (№526 ATP) кездеседі.
Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала!
Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз