logo

Теннистен Алматыдағы ATP 250 турнирінің жеңімпаздары анықталды

Теннистен Алматыдағы ATP 250 турнирінің жеңімпаздары анықталды

Теннистен Алматы қаласында ATP 250 турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жекелей сайыста ресейлік Даниил Медведев пен франциялық Корентен Муте чемпиондық атаққа таласты.

Кездесу 2 сағат 36 минутқа созылды. Үш сеттің қорытындысы бойынша Даниил Медведев (Ресей) 7:5, 4:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Ал жұптық сайыста франциялықтар Тео Аррибаж бен Альбано Оливетти үздік шықты. Олар финалда германиялық Якоб Шнайттер мен Марк Вальнерден айласын асырды — 6:4, 7:6 (10:8). 



Күн шежіресі