Теннисші Әмір Омарханов алғаш рет ересектер арасындағы турнирде жеңіске жетті
18 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов мансабындағы ең маңызды жетістіктерінің біріне қол жеткізді.
Ол Тунисте өткен ITF M15 санатындағы турнирде топ жарды.
Финалда Әмір өзімен құрдас неміс спортшысы Макс Шонхаусты (ATP рейтингінде № 824) 6:3, 3:6, 6:4 есебімен жеңді. Қазақстандық спортшы жүлдеге қол жеткізу үшін турнирдің екінші, алтыншы, жетінші және сегізінші ракеткаларын ұтты.
Айта кетейік, Шонхаус — ITF Juniors бойынша әлемнің екінші ракеткасы және өткен аптада Тунистегі ITF M25 санатындағы турнирдің чемпионы атанған болатын.
Бұл Омархановтың кәсіби мансабындағы алғашқы жеке титулы.
Дереккөз: ҚТФ