logo

Темірлан Турдақын Қазақстан пайдасына қола әкелді

Темірлан Турдақын Қазақстан пайдасына қола әкелді

Қазақстандық грек-рим күресінің балуаны Темірлан Турдақын Испанияда өткен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Темірлан Турдақын 87 келі салмақ дәрежесінде 1/2 финалға дейін жетіп, Әзербайжаннан келген Джоджа Самадовтан жеңілді. Қола медаль үшін күресте Турдақын қарсыласынан басым түсті.

Бұған дейін Айбек Айтбеков 55 келі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алған болатын.



Күн шежіресі