logo

Тау шаңғысы спорты: Александра Скороходова Финляндияда өткен жарыста бесінші орынға тұрақтады

Тау шаңғысы спорты: Александра Скороходова Финляндияда өткен жарыста бесінші орынға тұрақтады

Леви қаласында (Финляндия) өткен халықаралық тау шаңғысынан Levi FIS Race турнирі өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҰОК.

Жарысқа Қазақстан командасының өкілі Александра Скороходова қатысты.

Спортшы слалом жарысында бесінші нәтиже көрсетті.

Ал жарыстың жеңімпазы Анника Йоханссон (АҚШ) атанды. Екінші орынды Киа Суни (Финляндия) иеленсе, үздік үштікті Гранде Брусет (Норвегия) қорытындылады.



Күн шежіресі