logo

«Тараз» командасында өзгерістер орын алды

«Тараз» командасында өзгерістер орын алды

«Тараз» 52 жастағы қазақстандық маман Нұрмат Мирзабаевтың бас бапкер қызметінен кеткенін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Нұрмат Мырзабаев клубтағы жұмысын QJ League командаларының үйлестірушісі ретінде жалғастырады. Келесі матчқа команданы бас бапкердің көмекшісі Азиз Анарметов дайындайды.