«Тараз» ФК басшысы қызметінен кетті
36-жасар қазақстандық маман Жандос Ахметов «Тараз» футбол клубы басшысының қызметінен кетті.
- Менің өз еркіммен қызметтен кетуімнің себебі - клубта өткізген екі жыл ішінде жеке бизнеске уақыт бөлген жоқпын және ол бір деңгейде қатып қалды. Оның үстіне денсаулыққа қатысты мәселелер де пайда болды. Болашақта «Тараз» үлкен жетістіктерге жетеді деп сенемін, – деп жазды Жандос Ахметов өзінің Instagram парақшасында.
Елдос Ахметов 2021 жылдың қаңтарында «Тараз» ФК директорының міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды, ал бір жылдан кейін ол клуб басшысы лауазымында бекітілді.
Жерлікті жас футболшылардан құрылған «Тараз» командасы өткен маусымда Бірінші лигада 11-ші орында тұрақтады.