logo

Талғат Қосмұхамбетов: Бапкерлер штабы мен команданың алдына қойылған мақсат – Еуропа чемпионатына шығу

Талғат Қосмұхамбетов: Бапкерлер штабы мен команданың алдына қойылған мақсат – Еуропа чемпионатына шығу

Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Талғат Қосмұхамбетов Евро-2026 іріктеу кезеңіндегі Данияға қарсы матчты (2:3) ҚФФ баспасөз қызметіне берген сұхбатында бағалады, деп хабарлайды Sport+.

«Өкінішке қарай, бүгінгі нәтиже көңіл көншітпейді. Сырт алаңда Дания құрамасына есе жібердік. Матчтан соң бас бапкермен кездесіп, сәтсіз нәтижеге не себеп болғанын талқыладық. Өйткені Қазақстан футбол федерациясы тарапынан бұл матчқа дайындық үшін барлық жағдай жасалды.

Бұл жағдайды жан-жақты саралаймыз, бапкерлік штаб та талдау жасайды. Астанаға оралған соң командамен кездесіп, осы жағдайдан қалай бірге шығатынымызды сөйлесеміз. Бапкерлік штаб пен команданың алдында Еуропа чемпионатына жолдама алу міндеті қойлыған. Бұл мақсат ешқайда кеткен жоқ. Осы бағытта жұмыс істейміз», – деді Талғат Аждарұлы.



Күн шежіресі