logo

Тағы бір жекпе-жекке куә боласыздар: Геннадий Головкин рингке қашан оралатынын айтты

Тағы бір жекпе-жекке куә боласыздар: Геннадий Головкин рингке қашан оралатынын айтты

Еліміздің танымал кәсіпқой боксшысы соңғы рет 2022 жылдың күзінде жекпе-жек өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша мексикалық Сауль Альварестен ұтылған, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл оның «Канеломен» өткізген 3-ші айқасы еді. Бұдан кейін Гена ресми түрде бокспен қоштасатыны туралы ләм-мим деп ауыз ашқан жоқ. 
 

Мен ешқашан спорттан кететінім туралы ақпарат жариялаған емеспін және бәрін шулатып, мәлімдеме жасау менің болмысымда жоқ. Уақыт көрсетеді. Қазір менің өз міндеттерім бар, өз ісімді жақсы көремін. Сонымен қатар, мен үшін өмір деген үздіксіз қозғалыс. Егер маған біреу жекпе-жекте қарсылас болғысы келетінін айтып, «ұсыныс» тастаса, әрі мен бұл мүмкіндіктің өз бағытым мен жолымды өзгертер тұсын байқасам, ойланбастан мұндай ұсынысты қабылдайтыным анық. Сондықтан алдағы уақытта менің қатысуыммен болатын тағы бір жекпе-жекке куә боласыздар деп сенемін, - деді боксшы.



Күн шежіресі