Таеквондошы Бейбарыс Қаблан жастар арасында әлем чемпионы атанды
Қазақстандық Бейбарыс Қаблан таеквондодан Найробиде (Кения) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Жерлесіміз 87 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.
Бейбарыс финалда Оңтүстік Корея спортшысы Ян Чжунёнды сенімді түрде жеңді.
Осылайша, Қазақстан жастар құрамасы әлем чемпионатында алғашқы медалін жеңіп алды.