Таеквондодан Италиядағы Гран-при турниріне қатысатын қазақстандықтар анықталды

Таеквондодан Италиядағы Гран-при турниріне қатысатын қазақстандықтар анықталды

5 маусымда Италияның Рим қаласында таеквондодан Гран-при турнирі басталады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған бәсекеге Қазақстан құрамасының таеквондошылары да қатысады. Ұлттық құраманың тізімі төменде көрсетілген.

49 келіге дейін: Айдана Құмартаева, Нодира Ахмедова

57 келіге дейін: Мария Севостьянова

58 келіге дейін: Тамирлан Тілеулес

68 келіге дейін: Самирхон Абабакиров

80 келіге дейін: Батырхан Төлеуғали, Бекасыл Ергеш

80 келіден жоғары: Бейбарыс Қаблан

Айта кетейік, Гран-при турнирі 7 маусымға дейін жалғасады.



Күн шежіресі