logo

Шыңғыс Есенаманов Португалияны ұтқаны жайлы: Өте керемет сезім

Шыңғыс Есенаманов Португалияны ұтқаны жайлы: Өте керемет сезім

Португалия қақпасына алғашқы гол соққан Шыңғыс Есенаманов Әлем Чемпионатының 1/8 финалында Португалия құрамасын жеңу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Әзірге біз толық түсіне қойған жоқпыз. Біз ойынға дайындалып, қарсыласты талдадық. Соңғы секундтарда гол соғу — ерекше сезім. Біз сендік, өз жұмысымызды атқардық және лайықты жеңіске жеттік деп ойлаймын. Менің голым? Біз комбинацияны өте жақсы орындадық: Дуглас керемет пас берді — мен тек оны қақпаға бағыттадым. Командама көмектескеніме өте қуаныштымын. Бұл — ұжымдық ойын, біз бір-біріміз үшін ойнадық және жеңіске жеттік. Барлығының көңіл-күйі керемет.

Португалиямен әрқашан қиын ойындар өтеді — нағыз күрес... Бұл реванш болды. Өткен әлем чемпионатында жеңіске португалдықтар лайықты болды, ал қазір — біз. Бірақ біздің жолымыз әлі алда, қуануға әлі ерте, себебі бұл тек 1/8 финал ғана. Олар әлем чемпиондары екеніне қарамастан, бізді алда жаңа қарсылас күтіп тұр, және біз оған дайындаламыз. Дегенмен, бір күнді жақсы көңіл-күйде өткізу керек, содан кейін қайта жұмысқа көшеміз.

Өзбекстанда біз шынымен өз үйімізде ойнап жатқандай сезінеміз. Мұндай қолдауды тек Алматы мен Астанада көрдім. Семейде де бізді осылай қолдайды. Қазақстанның барлық аймағынан осында келеді. Жаттығуға шыққанда, әрбір ойыншының атын атап қолдап жатады... Соңғы минутқа дейін қолдауды көрдіңіз бе? Жанкүйерлер бізді үйде ойнап жатқандай сезіндіріп, алға жетелеп отырды, бұл керемет сезім!»