logo

Шымкенттегі кезекті «Челленджер»: Қазақстандықтардың қайсысы екінші айналымға өтті

Шымкенттегі кезекті «Челленджер»: Қазақстандықтардың қайсысы екінші айналымға өтті

Шымкентте өтіп жатқан екінші ATP Challenger 50 турнирінде негізгі кезеңнің алғашқы жарыс күні мәресіне таяп қалды. Орталық корттағы тартысты кездесулердің қорытындысы бойынша, жекелей сында тек бір отандасымыз ғана жарыс жолын жалғастыруға мүмкіндік алды.

17 жасар Заңғар Нұрланұлы турнирдің бірінші нөмірлі теннисшісі, литвалық Эдас Бутвиласқа (№261 ATP) есе жіберіп, жарысты аяқтады. Есеп – 0:6, 3:6. Бұған дейін өткен қазақстандық дербиде тәжірибелі Денис Евсеев жас ойыншы Амир Омархановты (6:3, 6:2) қапы қалдырған болатын. Осылайша, Евсеев жекелей сын бойынша турнир кестесінде қалған жалғыз қазақстандық атанып отыр. Екінші айналымда ол хорватиялық Мили Полжичакпен (№313 ATP) шеберлік байқасады.

Жұптық сын

Ертең қазақстандық теннисшілер жұптық сында бақ сынайды:Денис Евсеев пен Раду Албот (Молдова) хорватиялық Адмир Календер / Мили Полжичак жұбына қарсы шығады.
Григорий Ломакин мен ресейлік Петр Бар Бирюков жапониялық тандем Масабаяши / Таджимамен кездеседі.
Тимур Сауленко мен Арсений Требухин Антон Чехов (Ресей) / Максим Шин (Өзбекстан) жұбымен келесі кезеңнің жолдамасын сарапқа салады.
Айта кетейік, Шымкенттегі алғашқы турнирдің жеңімпазы, өзбекстандық Сергей Фомин (359 ATP) де сәтті старт алып, нидерландық Йелле Селсті жеңіп, екінші айналымға жолдама алды.
 
Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала!



Күн шежіресі