logo

Шымкенттегі екінші ATP Challenger 50: алғашқы айналымда – қазақстандық дерби

Шымкенттегі екінші ATP Challenger 50: алғашқы айналымда – қазақстандық дерби

Шымкент қаласында қатарынан екінші мәрте өтіп жатқан ATP Challenger 50 турнирінің негізгі кезеңі басталды. 3 мамырға дейін жалғасатын дода алғашқы айналымның өзінде-ақ жанкүйерлерге тартысты кездесулер сыйламақ.

Қазақстандық дерби және жас таланттар додасы

Старттық кезеңнің басты оқиғасы – ұлттық құрама көшбасшыларының бірі, тәжірибелі Денис Евсеев пен 18 жастағы Амир Омархановтың арасындағы кездесу болмақ. Сондай-ақ, әлемдік юниорлар рейтингінің үздік ондығына кіретін 17 жасар Заңғар Нұрланұлы үшін де бұл дода үлкен сын. Жеребе нәтижесінде отандасымыз турнирдің бірінші нөмірлі теннисшісі, литвалық Эдас Бутвиласпен (№261 ATP) күш сынасады.

 
Шымкенттегі алғашқы турнирдің жеңімпазы, Өзбекстан өкілі Сергей Фомин (№359 ATP) екінші чемпиондық титулға жорығын нидерландық Йелле Селске қарсы матчтан бастайды.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы

Өкінішке қарай, қазақстандық теннисшілердің бәрі бірдей іріктеуден өте алмады. Дамир Жалғасбай, Григорий Ломакин, Арсений Требухин және Тимур Сауленко жекелей сынның негізгі кезеңіне жолдама ала алмай, жарыс жолынан шығып қалды.

Жұптық сын

Жұптық бәсекеде қазақстандық жанкүйерлер үшін келесі кездесулердің маңызы зор:Григорий Ломакин ресейлік Петр Барбирюковпен бірге жапониялық Томохиро Масабаяши / Наоки Таджима тандеміне қарсы ойнайды.
Денис Евсеев молдовалық тәжірибелі Раду Алботпен жұптасып, хорватиялық Адмир Календер / Мили Полжичак дуэтімен кездеседі.
Тағы бір қазақстандық жұп – Тимур Сауленко мен Арсений Требухинкелесі кезең жолдамасын Антон Чехов (Ресей) және Максим Шин (Өзбекстан) жұбымен сарапқа салады.
Айта кетейік, бұл Шымкенттегі қос турнирден тұратын серияның қорытынды додасы. Жарыс 3 мамырға дейін жалғасады.

Барлық маңызды спорттық оқиғаларды BeeTV-ден тамашала!
Қазақстанның «RG Gold» алтын өндіру компаниясы
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз
 



Күн шежіресі