Шымкентте жеңіл атлетикадан Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

Шымкентте жеңіл атлетикадан Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді

30 маусымда Шымкентте жеңіл атлетикадан Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Qosanov Memorial — World Athletics Continental Tour Bronze Level күнтізбесіне енген және халықаралық маусымдағы маңызды кезеңдердің бірі.

Биыл додаға 11 елден 250-ге жуық спортшы қатысады. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының көшбасшылары да бар. 

Жарыс бағдарламасына 27 жекелей дисциплина және 4 эстафеталық сайыс енген.

Айта кетейік, турнир 1 шілдеде аяқталады.



Күн шежіресі