logo

Шымбергенов Парижге бір қадам жақындады

Шымбергенов Парижге бір қадам жақындады

Қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов Италияның Бусто-Арсицио қаласында өтіп жатқан лицензиондық Олимпиадалық турнирде екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

71 келі дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/16 финалда Шымбергенов,  поляк Дамиан Дуркачпен жұдырықтасты және төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

Сөйтіп, Асланбек Шымбергенов келесі кезеңге өтіп, Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін таласуды жалғастырады. Еске сала кетсек, Олимпиадаға жолдама алу үшін ағымдағы турнирде ерлер арасында 71 кг салмақ дәрежесінде жартылай финалға жету жеткілікті. 



Күн шежіресі