logo

Суперкубок финалындағы Эль-Класико. Барселона – Реал Мадрид матчының тікелей эфирі

Суперкубок финалындағы Эль-Класико. Барселона – Реал Мадрид матчының тікелей эфирі

Испания Суперкубогының финалы Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді. Онда екі ымырасыз қарсылас — «Барселона» мен «Реал Мадрид» кездеседі.

Каталониялықтар жартылай финалда «Атлетикті» (Бильбао) ойсырата жеңсе, ел астанасының өкілдері дербиде «Атлетиконы» ұтты.

Осы маусымда командалар Чемпионат аясында бір-бірімен кездескен, ол ойында «Реал» қарсыласын 2:1 есебімен жеңген еді.

Ал бұл жолы көк-ала жейделілердің қарымта қайтаруға мүмкіндігі бар.

Суперкубок финалы 11 қаңтардан 12 қаңтарға қараған түні сағат 00:00–де өтеді.

Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында көрсетіледі.