logo

Сұлтан Заурбектің Англиядағы жекпе-жек күні анықталды

Сұлтан Заурбектің Англиядағы жекпе-жек күні анықталды

Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін жеңіліс көрмеген қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбектің (17-0, 12 КО) рингке қайтып оралатын күні белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

BoxRec.com мәліметі бойынша, Сұлтан келесі жекпе-жегін 21 маусымда Болтонда (Англия) өткізеді. Қарсыласының есімі әлі жарияланған жоқ. Қазіргі уақытта Заурбек Лос-Анджелесте жаттығу жиынын өткізуде.

Сұлтан Заурбек өзінің соңғы жекпе-жегін наурыз айының басында Англияның Телфорд қаласында өткізіп, колумбиялық Виктор Хулионы (17-11, 9 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын.



Күн шежіресі