Сұлтан Заурбек — IBF белбеуіне міндетті үміткер (видео)
Қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек Австралияда өткен бокс кешінде Джексон Ингладпен кездесті, деп хабарлайды Sport+.
Жекпе-жек толық дистанцияға созылып, төрешілер шешімімен қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.
Осылайша, Заурбек екінші жартылай жеңіл салмақта IBF белбеуіне ресми түрде міндетті үміткер атанды.
Қазіргі уақытта Сұлтанның кәсіпқой бокстағы рекорды — 21 жеңіс, 0 жеңіліс.