logo
Live

Сұлтан Заурбек: Головкиннің ҰОҚ комитетіне келуі боксқа серпін береді

Сұлтан Заурбек: Головкиннің ҰОҚ комитетіне келуі боксқа серпін береді

Қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек Sport Plus Qazaqstan арнасында қонақта болып, біздің боксшыларымыздың ойындарына болжамымен және Геннадий Головкиннің ҰОҚ комитетіне келуі туралы ойымен бөлісті.

– Қазақ боксшыларының Парижде өтетін Олимпиада ойындарында болжамын қандай?

– Құрама сапында достарым мен бауырларым бар. Бәрінің мүмкіндіктері бар, қазір Олимпиадаларда нақты фаворит деген жоқ қой. Негізі ол жерде әлем чемпионатынан қарағанда ауыр атмосфера, кейбіреулерінің боксы жүрмей қалады. 

– Геннадий Головкиннің ҰОҚ комитетіне келуі қаншалықты казақ боксынан серпін береді?

– Гена ағамызды 15 жекпе-жегімнен кейін аэропортта көріп қалғаным бар. Амандасар алдында қобалжыдым, мені таниды ма деген дей. Ағамызбен фотоға түсуді сұрадым, ол маған Сұлтан сосын түсейік деп айтты, әйтпесе басқалары да келеді. Менің атымды білетініне қатты таңғалдым, ол менің жекпе-жегімді көріпті.

Головкиннің келгені серпін береді, себебі ағылшын тілін біледі, Қазақстан туын көтеріп қарым-қатынас жақсарта алады, әлемдік деңгейде абыройы зор.



Күн шежіресі