Сұлтан Заурбек: Энтони Джошуаның қазақтарға деген сыйластығы зор
Қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек Sport Plus Qazaqstan арнасында қонақта болып, соңғы өткен жекпе-жек және Энтони Джошуамен қарым-қатынас туралы айтып берді.
– Демалыс ойдағыдай болды. Жекпе-жектен кейін ораза болды, оны аман есен өткіздік. Бәрінен психологиялық тұрғыда шаршағаннан кейін демалғын келеді, сондықтан отбасымен бірге шетелге шығып келдік.
– Өзін 17 жекпе-жек өткізіп, оның 12-сін мезгілінен бұрын аяқтадын. Соңғы жекпе-жек Виктор Хулиомен болды, ол барлық раундтарда өтті. Неге оны мезгілінен бұрын ұта алмадын?
– Өзіме де қызық сұрақ. Негізі мен басқа қарсыласпен шығу керек едім, бірақ кездесуге бес күн қалғанда қарсыластың ауысқаны туралы хабар келді, табалмай жатырмыз деп те айтты. Кездесуге қатты дайындалғандықтан жекпе-жекті кіммен болса да ұйымдастыруды сұрадым.
Көбісі қысқа мерзімде шығатын болғандықтан келісе қоймады, Дани деген колумбиялық спортшы шығам деп айтыпты, бірақ өзінін салмағында шығамын бокстасамын депті. Мен келісіп, оған дайындала бастадым. Оның тек бір жекпе-жегін көрдім, өзі солақай екен, мен болсам оңқай қарсыласқа дайындалғанмын. Жекпе-жекке дейін оны құлату керек деген мақсатпен шықтым, алайда ол да қысқа мерзімге шықса да дайын бопты, себебі ода да басында басқа жекпе-жек болған екен, бірақ менімен жұдырықтасу үшін ол одан бастартып, маған шыққан.
Жекпе-жек кезінде қатты ашуға берілдім, себебі басынан ұрсам құламайды, өзін берік ұстады. Сүйтіп сегіз раундта өтіп кетті, мүлдем шаршаған жоқпын. Бұл кездесу маған сабақ болды, қарсыластарға салақ қарауға болмайды екен.
– Сені ұзақ сапарға аттаналы тұр деген жаңалықтар бар. Сол туралы айта кетсен?
– 14 маусым күні Лондонда жеңіліс көрмеген, 32 жеңісі бар қарсыласпен кездесемін. Кезінде бір кардта бокстасқанбыз, ол – әлем чемпионы және Англияның таңымал боксшыларының бірі.
– Сен Энтони Джошуаның лагерінде жаттыққанынды білеміз. Джошуамен қарым-қатынасын қандай?
– Өте қарапайым жігіт, басында онымен амандаса аламын ба деп ойлағанмын, бірақ ол өзі мені құшақтап, жатығуға шақырды. Қазақстанның әуесқой боксын мақтады. Англия құрамасының бапкері де мақтап кетті.