logo

Сұлтан Заурбек: Бекзат Жасия қарсыласын боксшылар сияқты бір соққымен құлатты

Сұлтан Заурбек: Бекзат Жасия қарсыласын боксшылар сияқты бір соққымен құлатты

«Alash Pride» турнирінің құрметті қонағы атанған кәсіпқой боксшы Сұлтан Заурбек Sport Plus Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында Бекзат Жасияның жекпе-жегіне баға берді.

«Жекпе-жек өте керемет өтті. Бекзат қарсыласын боксшылар сияқты бір соққымен құлатты. Шоу ойдағыдай, өте керемет деңгейде өтіп жатыр. Мен „Alash Pride“ турниріне бірінші рет келіп отырмын. Бекзат бауырымды қолдап келдім осында. Мен негізі ММА жарыстарын қарамаймын, бірақ шақырған жерден қалмай, бауырларыма жанкүйер болып келіп отырамын», — деді спортшы. 

Сонымен қатар Сұлтан келесі жекпе-жекке өзінің дайындығы туралы айтып өтті.

«Мен титулды жеңдім, қазан айында Лос-Анджелес қаласында мексикандық қарсыласқа қарсы жекпе-жекте белбеуді қорғаймын. Негізі АҚШ-да бірінші рет өнер көрсетейін деп тұрмын. Сол жақта дайындалып жатырмын. Менің салмағымда АҚШ боксшылары болғандықтан, мен сол жақта жекпе-жектерге шығып, жанкүйерлер көзіне түсу керекпін», — деді Заурбек.