Суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: қазақстандықтардың нәтижесі

Суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты: қазақстандықтардың нәтижесі

Хорватияның Риека қаласында суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы үш метрлік тұғырдан секірудің жекелей сайысының іріктеу кезеңінде өнер көрсетті. Илларион Авченко 389.25 ұпай жинап, 32-орынға табан тіресе, Эмиль Касимов 331.65 ұпаймен 41-орыннан көрінді.

Финалда Финн Ауэ (Германия) 359.20 ұпаймен жеңіске жетті. Ресей өкілі Матвей Помошников 341.85 ұпай жинап, күміс медальға ие болды. Ал Маори Померой-Фалекау (Фиджи) 297.50 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, 25 тамызда отандастарымыз бір метрлік тұғырдан суға секіру сайысында бақ сынайды.



Күн шежіресі