Станимир Стоиловтың командасы «Бешікташты» қабылдайды: «Гезтепе» — «Бешікташ» матчының тікелей эфирі

Түркия Суперлигасының 6-турын «Гезтепе» мен «Бешикташ» арасындағы матч ашады.
Бас бапкер ауысқаннан кейін ыстамбұлдықтар өз алаңында «Башакшехирді» 2:1 есебімен жеңді.
«Астананың» бұрынғы бапкері Станимир Стоиловтың шәкірттері дәстүр бойынша турнирлік кестеде жоғары орында тұр — бес турдан кейін 9 ұпаймен төртінші орында, және әзірге бірде-бір матчта жеңілген жоқ.
Өткен маусымда «Гезтепе» Ыстамбұлда «Бешикташты» 3:1 есебімен ұтса, өз алаңында 1:1 есебімен тең ойнаған.
Келесі кездесу 19 қыркүйек күні сағат 22:00–де өтеді.
Матчтың тікелей трансляциясы Sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.