Sport+ Qazaqstan бас редакторы «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды
Бүгін Sport+Qazaqstan телеарнасы филиалының орыс редакциясының бас редакторы Дмитрий Нестеренкоға Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев пен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Әлішер Мұқажан «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісін табыстады.
Осылайша министрлік өкілдері Sport+ медиа тобының өз ақпараттық ресурстарында қазақстандық спортты кеңінен және сапалы насихаттау бағытындағы еңбегін жоғары бағалады.
«Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №1539 қаулысымен бекітілген.
Бұл төсбелгі өзіне жүктелген міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындап, кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген ақпарат саласының қызметкерлеріне табысталады.