Sport+ Құрбан айт мерекесімен құттықтайды!
Sport+ Qazaqstan телеарнасының ұжымы барша қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтайды.
Бұл ұлық мейрам барша мұсылман қауымын мейірімділікке, жанашырлыққа, татулық пен бірлікке үндейді. Әр шаңыраққа амандық, береке, молшылық пен қуаныш әкелсін. Ниет еткен барлық ізгі тілектеріңіз қабыл болып, отбасыларыңызға бақ-береке дарысын!
Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Дендеріңізге саулық, жүректеріңізге тыныштық, елімізге бейбітшілік тілейміз!