logo

Sport Plus Qazaqstan Irfin Promotion компаниясымен серіктестік келісім жасады

Sport Plus Qazaqstan Irfin Promotion компаниясымен серіктестік келісім жасады

Irfin Promotions промоутерлік компаниясы және Sport Plus Qazaqstan серіктестік келісім жасасты.

8 маусым күні сағат 19:00–де Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында кәсіби бокс кеші өтеді, оның аясында отандық былғары қолғап шеберлері алыс және жақын шетелдерден келген қарсыластарымен жекпе-жек өткізеді.

Турнирдің арнайы қонағы бокстан әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Константин Цзю болады.

Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Филиппин, Тайланд, Моңғолия және Қытай боксшыларының қатысуымен өтетін жекпе-жекті көрермендер Sport Plus Qazaqstan телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тікелей эфирде тамашалай алады.  



Күн шежіресі