logo

Шорт-тректен World Tour кезеңі тәмам

Шорт-тректен World Tour кезеңі тәмам

Сеулде (Оңтүстік Корея) шорт-тректен World Tour турнирінің кезекті кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Қазақстан құрамасының халықаралық турнирдегі ең жақсы нәтижесін ерлер эстафеталық командасы көрсетті.

Денис Никиша, Глеб Ивченко, Әділ Ғалиахметов және Мерсади Жақсыбаев В финалында жеңіске жетіп, жалпы есепте бесінші орынға ие болды.

Сондай-ақ, В финалында әйелдер эстафеталық командасы да ел намысын қорғады. Яна Хан, Ольга Тихонова, Мадина Жанбусинова және Алина Әжіғалиева екінші орынға тұрақтады. Олар әлемдік рейтингте жетінші орынға жайғасты.