logo

Соня Жиенбаева қатарынан екінші турнирде чемпион атанды

Соня Жиенбаева қатарынан екінші турнирде чемпион атанды

Соня Жиенбаева Анталия (Түркия) ITF W15 турнирінің финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Дүниежүзілік рейтингіде 1 246-орында тұрған қазақстандық теннисші әлемнің 525-ракеткасы, түркиялық Йорук Илаймен бас жүлдені сарапқа салды.

Жиенбаева тартысты өткен бәсекеде 7:6 (7:4), 6:4 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Соня ересектер арасында ITF жарысындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

«Бүгін мен үшін осы маусымдағы маңызды күн деп есептеймін. Апта бойы қиын матчтар өткіздім. Психологиялық жағынан да дайын болғаныма өте қуаныштымын. Бәріңізге қолдауыңыз үшін алғыс айтамын», - деді Жиенбаева.

Соня жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 31-сатыда тұр. Ал WTA рейтингісінде 15 сәуірде 1 000 теннисшінің қатарына кіреді. 

 



Күн шежіресі