logo

Соня Жиенбаева Өскемендегі ITF турнирінің финалына дейін жетті

Соня Жиенбаева Өскемендегі ITF турнирінің финалына дейін жетті

Өскемен қаласында әйелдер арасында ITF W15 турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Аталмыш жарыста 18 жастағы қазақстандық теннисші, дүниежүзілік рейтингіде 824-орындағы Соня Жиенбаева табысты өнер көрсетті.

С.Жиенбаева финалға дейін қарсыластарының бәрін қапы қалдырып, сүрінбей жетті. Тек соңғы бәсекеде ғана әлемнің 768-ракеткасы, ресейлік Алиса Кюммельге ғана тартысты матчта есе жіберді – 6:7 (1:6), 3:6. Финалдық ойын 1 сағат 44 минутқа созылды.

Соня Жиенбаева қазіргі кезде WTA Live рейтингісінде 818-орынға көтеріліп тұр.



Күн шежіресі