logo

София Самоделкина Сеулде жүлдеге іліге алмады

София  Самоделкина Сеулде жүлдеге іліге алмады

Қазақстандық Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан Сеулде (Оңтүстік Корея) өтіп жатқан төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz cайтына сілтеме жасай отырып.

Еркін бағдарламада Самоделкина төрешілердің шешімімен 129,39 ұпай жинады. Жалпы есепте 193,37 ұпайға жетіп, ол жарысты жетінші орынмен аяқтады.

Алтын медальді Оңтүстік Корея өкілі Ким Чхэ Ён жеңіп алды – 222,38 ұпай. Екінші орынды 204,38 ұпаймен америкалық Брэдди Тэннел иеленді. Үздік үштікті тағы бір америкалық спортшы Сара Эверхард қорытындылады – 200,03 ұпай.

София Фарафонова 104,20 ұпай жинап, 20-орынға тұрақтады.



Күн шежіресі