Софья Самоделкина Универсиаданың қола жүлдесін иеленді
Италияның Турин қаласында өтіп жатқан XXXII Қысқы универсиада ойындарында мәнерлеп сырғанаудан Софья Самоделкина қола алды, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.
Ол еркін бағдарлама бойынша 66,43 балл жинап,үздік үштікті түйіндеді.
Аталған бағдарлама бойынша чемпиондық атаққа жапониялық Рион Сумиеси (204,29) ие болса, күміс жүлдеге оның отандасы Монэ Тиба (203,85) қол созды.
Бұл - ел құрамасы қоржынына түскен он бірінші медаль.