Шевченко «Ролан Гаррос» турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты

Қазақстанның екінші ракеткасы Александр Шевченко «Ролан Гаррос» турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандық теннисші жапондық Шинтаро Мочизукиді 6:7, 6:2, 6:4 есебімен жеңді.
Өкінішке қарай, іріктеудің алғашқы кезеңінен өте алмаған тағы бір қазақстандық Бейбіт Жукаев америкалық Закари Свайдадан жеңіліп қалды.