logo

Шевченко мен Бублик Франциядағы турнирде бой көрсетпек

Шевченко мен Бублик Франциядағы турнирде бой көрсетпек

Александр Шевченконың Қазақстан теннисшісі ретінде қатысатын турнирі белгілі болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan

Монтепльедегі (Франция) ATP 250 турниріне алтыншы нөмірлі ойыншы болмақ. Оның алғашқы қарсыласы іріктеу кезеңінде жеңіске жеткен теннисші атанады.

Сонымен қатар, бұл жарысқа Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик те қатысады. Ол екінші нөмірлі ойыншы болғандықтан, бірінші айналымды өткізіп, екінші кезеңде Гастон (Франция) – Шаповалов (Канада) жұбының жеңімпазымен күш байқасады.

Франциядағы турнир 29 қаңтарда басталады.