Серік Мужиков мерейтойлық матчын өткізді
Талдықорған футбол мектебінің шәкірті, «Жетісу» клубының 35-жасар жартылай қорғаушысы Серікжан Мужиков үшін «Қайсармен» (1:2) кездесу мерейтойлық 350-ші ойыны ретінде тіркелді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Серікжан Мужиков өз мансабын 2007 жылы «Жетісу-2» клубының сапында бастады. 2008-2013 жыл аралығында және биылдан бастап «Жетісу» құрамында Премьер-лигада 141 матч өткізіп, 15 гол соққан. Сонымен қатар, «Қайсар» (17 матч), «Астана» (121 матч, 16 доп) және «Тобыл» (71 матч, 9 доп) сапында ойнаған.
Барлығы Премьер-лигада 350 матч өткізіп, 40 гол салған.
Серікжан Мужиков бұл межеге жеткен Премьер-лигадағы 33-ші аяқдопшы.